Алматыда «Көршілер» комедиясы көрерменге жол тартты
«Жақсы көрші тапқаның-көп олжаға батқаның».
Tiger Films продюсерлік компаниясының кезекті картинасы осы тақырыпты қаузайды. «Көршілер» деп аталатын отбасылық комедия ауылдың берекесі мен көршілер арасындағы татулықты ту етеді. Фильмге ауылдағы екі отбасының арасынан шыққан дау арқау болған. Жаңа картина бүгіннен бастап еліміздегі барлық Kinopark және Kinoplexx кинотеатрларынан көрсетіледі.
Отбасылық комедияның оқиға желісі күдіктен басталады. Отставкадағы полиция қызметкері Сәбит пен оның жары Элеонора қаладан келген көршілерді алаяқ деп ойлайды. Себебі олар келгелі ауылда ұрлық көбейіп кетеді. Осылайша екі отбасының қарым-қатынасы дауға ұласады.
Бекзат Жүнісов, актёр:
- Бұл кинода алдын ала шешім қабылдамай, негативный шешімдерді қабылдамай тұрып бірінші шындығын біліп алу. Әлем саған ашылғанын қаласаң сен әлемге ашылу керексің,-дейді. Сен өзің жақсы көретініңді, жақсы нәрселерді ғана көретін болсаң бәрі жақсы болады. Көршілермен де тату-тәтті өмір сүресің.
Отбасылық комедияның жабық көрсетілімі Aport Mall East сауда, ойын-сауық орталығындағы Halyk IMAX Kinopark 16 кинотеатрында өтті. Картинаның қоюшы режиссері Мақсат Оспанов. Шығармашылық топ «Көршілер» фильмін Ұзынағаш ауылында екі аптаға жуық таспалаған.
Мақсат Оспанов, қоюшы режиссёр:
- Бұл фильм «Көршілер» отбасылық фильмі. Жалпы отбасымен мына жазғы демалыста көретін фильм. Көршімен тату болу, отбасылық құндылықтар әсіресе әке мен баланың арасындағы қарым-қатынастар. Әсіресе көршімен бірге тату-тәтті тұру керек екені туралы фильм.
Отбасылық құндылықты, адамдар арасындағы, әсіресе көршілер арасындағы татулықты дәріптейтін комедия бүгіннен бастап үлкен экранға шықты. Көрермендер жаңа картинаны Kinopark және Kinoplexx кинотеатрларынан тамашалай алады.
Аршын Кемелжан, Кенже Амраев