Елорда күніне орай думанды іс-шаралар өтіп жатыр

Елорда күніне орай бас қалада 100-ге жуық мәдени іс-шара ұйымдастрылады.

Кешелі бері думанды жиындар өтуде. Мәселен, күндіз Астана көшелерінде театр фестивалінің шымылдығы түріліп, мерекенің көркін қыздырды. Онда Эстония, Польша, Ресей және еліміздің шығармашылық ұжымдары өнер көрсеттті. Ал кеш ауа астаналықтар мен қала қонақтарына мерекелік концерт ұсынылды.

Шаһар күнінің құрметіне Экспо аймағында “Опен эйр” мерекелік концерті өтті. Онда Құрмаш Махан, Нұрлан мен Мұрат, Kalifarniya, Nazima секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Вильдана Багадат, қала қонағы:

- Астана қаласының мерейтойына келіп отырмыз, балапандарымызбен. көп балалы отбасымыз,   алдағы уақытта Астана қаласында тұру. Неге десеңіз Астана қаласы көркейіп жатыр. Қазақстан қазір жаңа бастамалар жобалар ашылып жатыр. Өзім көп балалы ана ретінде рақметімді айтқым келеді.

Ашық аспан астындағы өнер кешіне келген қала тұрғындары мен қонақтарының санында шек жоқ. Тіпті мерейлі мезетті тамашалау үшін шекара асып келгендер де бар. Солардың бірі қырғызстандық Тәттігүл Мәкешова.

Тәттігүл Мәкешова, қала қонағы:

- Астана шарлық майрамдарыңызбен біріншіден, құттықтаймыз майрамдармен. Біз арнайы Бішкектен келгенбіз майрамды көріп кетейік деп. Шарыңыздар бай бола берсін, өнеге берсін, сіздер біздер жаққа, біздер сіздер жаққа келіп, осындай денсаулықта аспанымыз ашық болсын. Жер жүзінде тыныштық болсын.

Салтанатты кештің соңы дрондар шоуына жалғасты. 1250 ұшқыш құрылғы Астана аспанында түрлі бейнелерді суреттеп, әуезді әнмен қалықтады. Айта кетейік, елорда күнінің мерекелік іс-шаралары бүгін де жалғасын табады. Мәселен, орталық саябақта сахна қойылымдары болады. Сондай-ақ домбыра күніне арналған шоу-концерт өтеді. Мереке күндері Орталық саябақта «Мереке стрит» ұйымдастырылады.

Шернияз Жалғасбекұлы, Мұрат Әріпханов