Рудныйда металлургтерге пәтер және көлік кілттері табысталды

Кәсіби мерекеге орай қостанайлық металлургтертерге құрмет көрсетілді деп хабарлайды 24kz.

Еңбегімен ерекше көзге түскендеріне пәтер, көлік кілттері табысталды. Болат балқытып жүрген құрыш білекті мамандарды марапаттау рәсімі Рудный қаласында өтті. Мұның да өз мәні бар. Өңірдегі ең ірі кен орны Соколов-Сарыбай осы қалада орналасқан. Оның құрылғанына биыл 70 жыл болды.

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі кенді өндіріп қана қоймай, өңдеумен айналысады. 70 жыл ішінде кәсіпорын 700 миллион тонна концентрат пен 400 миллион тонна темір шарын шығарды. Өндіріс қуатын арттырып, қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін бірлестік тың технологияны енгізіп, жаңа жобаларды жүзеге асырып келеді.

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

- Бүгін металлургия саласының барлық қызметкерлері үшін маңызды кәсіби мерекенің бірі. Сіздердің жұмыстарыңыз үлкен кәсіби шеберлік пен төзімділікті қажет етеді. Металлургия бұл барлық салаларды дамытудың негізі және базасы болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл сектор ұлттық экономиканың өсуінің сенімді көзі. Бұл бағыттың дамуына біздің облыс та елеклі үлес қосуда.

Бүгінде өндірістік бірлестік ұжымында 10 мыңдай адам жұмыс істейді. Тәжірибелі мамандардың қатары жас кадрлермен үнемі толығып отырады. Биыл мерейтойлық датаға орай кәсіпорынның 300-ден астам қызметкері мемлекеттік және салалық наградамен марапатталды.

Камаладдин Ермекбаев, роторлы экскаватор машинисі:

- ССКПО-да 22 жылдан бері жұмыс істеймін. Мемлекетімізге рахмет, біздің осы еңбегімізді бағалап, ССКПО-ның башсылығына да рахмет айтамын. Еңбегімізді бағалап жатыр. Басқа да осы бізден кейінгі қыздарға, жігіттерге сәттілік тілеймін. Осындай сыйлықтарға ие болсын. Барлық отбасына бақыт тілеймін.

Елена Берещинова, кран машинисі:

- Металлургтер күні біздің қала үшін өте маңызды мереке. Себебі Рудныйдағы негізгі кәсіп кен өндірісі. Еңбегімізді бағалап, осындай керемет көңіл-күй сылағаны үшін барлығына алғыс айтамын.

Металлургтерді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов арнайы құттықтап, үздік металлургтерге 10 көлік және пәтер кілттерін табыстады. Мерекелік іс-шаралар отандық эстрада жұлдыздарыныңың ән кешіне жалғасты.