Теміртауда Металлургтер күні кеңінен аталып өтті

Теміртауда металлург күні кеңінен аталып өтті.Кәсіби мерекеде бірқатар зауыт жұмысшылары мемлекеттік наградаларға ие болды деп хабарлайды 24kz.

Бұған қоса, комбинат жұмысшылары арасында жеңіл автокөліктер ойнатылды. Мереке соңы салтанатты концертке ұласты.

Теміртау қаласында кәсіби мерекеде металлургиялық комбинаттың 38 жұмысшысы марапатталды. Оларға «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін медалі» және Мемлекет басшысының Құрмет грамотасы табысталды. Олардың арасында Дастан Ахетов та бар. Зауыттағы жауапкершілгі зор, жұмысы күрделі саналатын конвертерлік цех қызметін басқаратын жас маманға «Құрмет» ордені берілді.

Дастан Ахметов, конвертерлік цех қызметінің басшысы:

- Команданың еңбегі. Соның арқасында мені бүгін марапаттады. Металлургия саласы оңай емес, көбісі мұны таңдамайды. Айта кетерім, металлург мамандығы ол – ақыл-ойды, жауапкершілікті, өзіңді қалыптастыратын мамандық.

Бұл күні металлургтер арасында ұтысқа 7 жеңіл автокөлік ойнатылды. Оған талап бойынша зауытта кемі 10 жыл жұмыс істеген, басшылық қызметте жоқ қарапайым жұмысшылар ғана қатысты. Осылайша, кәсіби мерекеде 7 отбасы темір тұлпарлы болды.

Блиц 1:

- Сарыарқа төрінде керемет көңіл-күй, керемет атмосфера болып жатыр. Осындай мереке сыйлаған ұйымдастырушыларға рахмет! Барлық металлургтерді құттықтаймын! Осы мамандық иелерінің арқасында қаламыз жарқырап, жайнай берсін!

Блиц 2:

- Мына мереке құтты болсын! Біз отбасымызбен келдік мұнда. Көңілді өтіп жатыр. Құттықтаймыз. Металлургия саласы оңай емес, қиындау. Барлық жағдай жақсаруын күтеміз.

Мерекеге орай қаланың орталық алаңында салтанатты шара өтті. Тұрғындар эстрада әншілерінің қатысуымен өткен концертті тамашалады. Көңілді кеште Қайрат Нұртас, «Ирина Қайратовна» тобы сынды танымал жұлдыздар өнер көрсетті.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар