21 жасында инфаркт болған жігітке операция жасалды
Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының аритмологтары
21 жасында инфаркт алған жас жігіттің жүрегіне операция жасады. Дәрігерлердің айтуынша, жастарда миокард инфаркті өте сирек кездеседі. Әлем бойынша мұндай диагноз 10-15 жылда бір адамға ғана қойылады. Операция сәтті аяқталды. Науқастың өміріне қауіп жоқ, дейді мамандар.
Әлімжан Атантай бұған дейін денсаулығына шағымданып көрмеген. Ештеңе мазаламаған. Сол күні жұмыстан соң кеуде тұсы ауырып, жүрегінің жиі соққанын байқаған. Дәрі ішіп көреді. Басылмаған соң ауруханаға өз аяғымен барған. Дәрігерлер оған жүректің қарынша үсті тахикардиясы, миокард инфаркті диагнозын қояды.
Әлімжан Атантай, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
- Жүрегім шаншып, қатты соғып, жүрек соғысы 200-дің үстінде түстім Жаңаөзенде больницаға. Ол жақта мен екі күн реанимацияда жаттым. Олар Кардиология институтын порталмен ұсынды, операцияны осы жерде жасайды деп. 0121 Қазір жағдайым жақсы, мені ештеңе мазаламайды.
Жаңаөзенде науқасқа коронарография жасалынды. Бұдан кейін тек 40 күннен соң операция жасалуы тиіс еді. Дәрігерлер қарынша үсті тахикардиясының қайталап ұстап қалу қаупі жоғары болған соң, бұл уақытқа қарамай ота жасауға мәжбүр болған.
Бағдат Ахыт, "Кардиология және ішкі аурулар" ҒЗИ бөлім меңгерушісі:
- Жүректің қатты соққанына байланысты тәж тамырларының спазмы деп айтамыз, яғни сол сәтте жүректің тамырлары қысылып қалған. Ол уақытында жедел жәрдем көрсетпесе, жедел жіті өлімге әкелетін жағдай. Ота нәтижесінде болжамымыз 95 пайызға дейін жүректің мүндай приступы қайталанбауына қазіргі жағдайда кепілдікпен айта аламыз.
Дәрігерлердің айтуынша, жүректің бұл сырқаты жас жігітте туғаннан болған. Бірақ ол білмеген. Операция жасаған күннің ертеңінде Әлімжан 21 жасқа толды. Енді 2-3 күнде ол ауруханадан шығады.
Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев