«Самұрық-Қазына» Екібастұзда қоғамдық кеңес өткізді

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Қазақстанда электр энергиясын өндіруді арттырмақ.

Жоспар Екібастұз энергетикалық кешенінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында жүзеге аспақ. Өндірілген қосымша қуат электр энергиясы азайғанда, әрі тұтынудың шарықтау кезеңінде тұрақты жарық беруге көмектеседі. Бұл жайында бүгін «Самұрық-Қазына» қорының Екібастұздағы көшпелі отырысында айтылды. 

Екібастұз энергетикалық кешені «Самұрық-Қазына» қорының маңызды жобаларының бірі. Себебі кешен 2030 жылға қарай еліміздің энергетикалық жүйесіне қосымша 12 гигаватт электр қуатын өндіріп бермек.

Ернат Бердіғұлов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарушы директоры:

- Энергетика министрлігі жаңа 26 гигаваттық кешендер салуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз Қазақстанның энергетикалық секторын екі есе ұлғайту. Жалпы қазіргі кезеңді Қазақстан энергетикасының «ренессансы» деп атауға болады.

Қазіргі таңда Екібастұздағы ГРЭС-1 стансасында 500 мегаватттық бірінші энергоблок жаңғыртылуда. Автоматты жүйеге көшкен нысан құрылысы аяқталуға жақын. 

Қайрат Мақсұтов, "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз қоғамдық кеңес мүшелерін іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен таныстырдық және қысқы мерзімге өтіп жатқан дайындықты баяндап бердік. Біздің жалпы обьектілерді қысқы мерзімге дайындықтар жақсы өтіп жатыр. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жоспарғасай өтіп жатыр. Осы қысқы мерзімге біздің обьектілер тұрғындар мен тұтытынушыларды толық тұрақты эренгия мен жылумен қамтамысыз етуге дайын болады.  

«Самұрық-Энерго» Акционерлік қоғамы мамандарының сөзінше, жылыту маусымын дайындық жұмыстары жоспаға сай жүргізіліп белгіленген мерзімде аяқталады. Екібастұздағы ГРЭС станциясында атмостфераға шыққан зиянды заттарды автоматты жүйе арқылы бақылауға болады. Жалпы кәсіпорын жұмыс процесіне түтінді тазалауға арналған заманауи технологияларды пайдалануда.

Мерей Бает, Ербол Абишев