Екібастұзда алғаш рет Теміржолшылар күні тойланды
Екібастұз теміржолшылар күнін ерекше атап өтті.
Теміржол кластерін дамытып отырған «Railways Systems KZ» компаниясы кеншілер мен энергетиктер шаһарының тұрғындарына естен кетпес әсерлі кеш сыйлады. Мерекеге жиналған жұрт отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады.
Павлодар облысында теміржол кластері қарқынды дамып келеді. 12 жыл бұрын негізі қаланған «Railways Systems KZ» компаниясының құрамына кіретін кәсіпорындар тобы теміржол дөңгелектерін, бағыттамалық бұрмаларды және теміржол құрылысына қажет өзге де бөлшектерді жасайды. Компания 3 мыңдай адамға жұмыс беріп отыр.
Роман Павлингер, «Railways Systems KZ» ЖШС бас директоры:
- Жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Тағы да мыңға жуық адамды жұмыспен қамтимыз. Жылдың соңына дейін жұмысшылар саны 4 мыңға жуықтайды. Біз инженерлерді, технологтарды, жалпы жастарды Екібастұз қаласына шақырамыз.
Екібастұздың теміржол кластері автоматтандырылған заманауи технологияларымен ерекшеленеді. Ең бастысы, оны қарапайым адамдар басқарады. Жүсіп Ахметов кәсіпорын ашылған күннен бастап жұмыс істейді.
Жүсіп Ахметов, «Railways Systems KZ» ЖШС цех басшысы:
- Екібастұздықтарды Теміржолшылар күнімен құттықтаймын. Енді біздің еңбегімізді бағалап, осылай, міне, көптен көп рақметімізді айтамыз. Үйренген тәжірибемді жастарға беріп, үйретіп жатырмын.
«Railways Systems KZ» ұйымдастырған мерекеде отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Екібастұз қаласы Теміржолшылар күнін алғаш рет тойлап отыр.
Сауалнама:
- Бәрі жақсы деңгейде өтіп жатыр деп ойлаймын. Барлықтарыңызды осы мейраммен құттықтаймын.
- Әр отбасына бақыт, ашық аспан тілеймін.
Теміржолшылар күніне орай компания бағалы сыйлықтар, соның ішінде автомобиль ұтысын ұйымдастырды. Мерекелік кеш отшашуға ұласты.
Авторлары: Қ. Қасиетова, М. Игіліков.