Қызылордада Абай күніне арналған байқау қорытындыланды
Қызылордада Абай күніне орай «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты байқау қорытындыланды.
Көркемсөз оқу және ән-шілікті қатар меңгерген жастардың өнерін, қазылар алқасы бағалады. Олар Ұлы ақынның өлеңдері мен, қара сөзін жатқа айтып, әндерін шырқады.
Абай шығармаларына арналған байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Олардың дені бала күнінен кемеңгер тұлғаның өлең-жырлары мен қара сөзін, аудармаларын жаттап өскен. «Бүгінде Абай оқулары байқауына қатысуға ниет білдіретін өнерпаздар қатары көбейіп келеді»,- деді облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов жеңімпадарды марапаттау рәсімінің ашылу салтанатында.
Шахмардан Байманов, облыс әкімінің орынбасары:
- Ауқымды шараларды ұйымдастыру даңғазалық пен дарақылық үшін емес, білімімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін қажет. Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындап, көп деген тілге аударылды. Ал оның есімі барлық халықтың Ұлы ақындарымен бір қатарда тұрғаны біз үшін үлкен мақтаныш.
Жиырма жастағы Аяулым ақынынң елуге жуық өлеңін жатқа біледі және кез-келген жерінен үзінді айтып беруге дайын. Әндерін де нақышына келтіріп орындайды. Сырдария ауданының атынан байқауда бақ сынаған ол 15 талапкердің ішінен оқ бойы озық шықты. «Абай оқулары байқауына тыңғылықты дайындықпен келдім», - дейді Аяулым.
Аяулым Бекболатова, байқауға қатысушы:
- Байқауда айтқан шығармаларым «Көзімнің қарасы, «Құлақтан кіріп бойды алар» және «Абай жолы» романынан «Жолда» деген тарауының үзіндісін айтып бердім.
Байқау жеңімпаздарына арнайы диплаомдар мен естелік сыйлықтар берілді. Айта кетейік, өңірде Абай күні аясында 200-ден астам танымдық шара өтеді.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин