20 мыңнан аса педагог тамыз форумында бас қосты
Жаңа оқу жылы алдында жүздесу – ұстаздар қауымы үшін бұлжымас рәсім. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын тапты, деп хабарлайды 24kz.
Бас-аяғы 2 мыңға тарта педагог тамыз форумына қатысты. Бұның сыртында 20 мыңдай адам онлайн байланыс арқылы қосылды.
Ал талқыланған тақырып – жасанды интеллект. Оның әлеуеті мен білім беру ісіне тигізер әсері. Қатысушылар қатарында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мен қала әкімі Жеңіс Қасымбек болды.
Жасанды интелектіні керек етпейтін сала жоқ. Білім беру ісі де бұл қатарда. Себебі сағат сайын технология дамып жатқанда дәстүрлі білім тасада қалмауы маңызды. «Керісінше, оны мақсатты пайдаланған ләзім», - дейді мамандар. Сондықтан бұл жолғы басқосуда жасанды интеллектінің білім беруге тигізер пайдасы сөз болды. Келушілерге алдымен тақырыпқа сай көрме ұсынылып, озық технологиялардың мүмкіндіктері паш етілді.
Әйгерім Бауыржанқызы, №91 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі:
- Жасанды интеллект арқылы оқушылардың жүрек соғысын анықтауға болады. Платформа арқылы оқушының тыныш күйінде салыстырмалы түрде әртүрлі эфмоцияға толы бейнероликтерді көрсете отырып, оқушылардың эфмоциясын көру.
Жалынды жастармен қатар форумда ардагер педагогтерге құрметпен төрден орын берілді. Олар әркез толайым тәжірибесін жастармен бөлісуге асық. Әрі жас ұрпақтың жан-жақты дамып, білім алуына тиісті жағдай жасалып жатқанын айтады.
Әділхан Жүсіпов, ардагер педагог:
- Білім саласында ардагерлер кеңесі жұмыс жасайды. Олар тоқсан сайын отырыстары өткізеді. Жас ұстаздарға, жас басшыларға қолдан келгенше тәжірибемен алмасуға мүмкіндік туғызып жатырмыз. Білім жүйесі заманға сай дамыды.Қазір де үлкен белестің үстінде жүріп жатыр.
Статистикаға сүйенсек, бас қалада жылына 35 мың бала дүниеге келеді. Бүгінгі сәби – ертеңгі оқушы. Сондықтан оларды жайлы мектеппен қамту – өзекті мәселе.
Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:
- Астананың мектептері жаңа оқу жылына 100% дайын. Жаңа оқу жылында 12 мектепті іске қосқалы отырмыз. Және мектептерде орын тапшылығы мәселесін шешетін боалмыз. Жалпы қазір қалада 12 мектептің құрлысы жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін 21 мектептің құрлысын аяқтайтын боламыз.
Форум аясында халықаралық сарапшылар шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Осылайша, ұстаздар қауымы жаңа оқу жылын зор құлшыныспен бастауға шабыт алды.
Авторлары: Назерке Тоқжан, Жандос Битабаров