QazaqGaz отандық тауар өндірушілерді қолдайды

QazaqGaz ұлттық компаниясы отандық тауар өндірушілердің басын қосты, деп хабарлайды 24kz.

Жыл басынан бері 25 офтейк-келісімшарт жасалған. Бұл 821 миллионнан астам теңгені құрайды. Кәсіпкерлермен кездесуде 30 миллиард теңгеден асатын сомаға келісімшарт жасалды. Бас қосуда отандық өнімдердің сапасын арттыру, нарықтағы сұранысты көбейту, мемлекеттік қолдау механизмдерін жақсарту секілді маңызды мәселелер талқыланды.

Отандық тауар өндірушілеріне Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры, Өнеркәсіп, Энергетика министрлігі мен QazaqGaz ұлттық компаниясы жиі қолдау көрсетіп келеді. Бұдан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан машина жасаушылар одағы да тыс қалған емес. «Сондықтан жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр», - дейді кәсіпкерлер.

Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы:

- QazaqGaz ұлттық компаниясы мұнай-газ саласына қатынасы бар ғой. Мұнай-газ машинасын шығару саласында көптеген құрал-жабдықтар, насостар, трубалар мұнайгаз саласына транспорттау, өндіру саласында көптеген істері бар. «QazaqGaz»-дың бүгінгі істеп жатқан шарасы отандық кәсіпкерлерге керек өндірісті, құрал-жабдықтарды отандық зауыттардан тапсырыс беру.

QazaqGaz тендерлерде «Самұрық-Қазына» қорының тауар өндірушілеріне басымдық береді. Биылғы жылдың өзінде жасалған келісімшарттың сатып алу сомасы 34 млрд теңгеден асқан. Компания басшысы «офтейк-келісімнің маңызы зор», дейді.

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Офтейк-контакт дегеніміз не ол? Біріншіден, тұрақтылық. Офтейк-контактінің арқасында банкке барып, қаржы ала алады. Екіншіден, өздері де инвестиция жасап, өздерінің тауарларын өндіреді. Үшіншіден масштаб көбейеді. Масштаб көбейсе экономиканың тиімділігі артады.

Басқосуда QazaqGaz-дың бірлескен кәсіпорындары «Азия газ құбыры» мен «Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін сатып алудың жаңа ережелерін әзірледі. Отандық өндірушілер офтейк-келісімшарттар жасасты. Басты мақсат – ел өнімін нарыққа шығаруды көздейді.

Авторлары: Асантемір Қаршығаұлы, Диас Қобланбаев