Оралда жастарға арналған креативті хаб ашылады
Өнер жолын таңдаған оралдық жастарға келешекте өз шеберліктерін шыңдауға тамаша мүмкіндіктер пайда болмақ.
«Самұрық-Қазына» қорының қолдауыман Жастар мәдениет сарайында жаңа жылдан бастап «ӨзгеЭпик» креативті хабы ашылмақшы. Қазір аталған нысанды, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жастар мәдениет сарайы – облыс орталығындағы өнерлі жастардың өз қабілет-қарымын танытып, түрлі шараларды өткізер өнер ордасы. Қазір нысанды күрделі жөндеу басталды. Құрылысқа қажетті қаржыны КПО компаниясы бөлсе, креативті хаб ашуды «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мойнына алыпты.
Альфия Адиева, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры:
- Ендігі хаб Орал қаласындағы заманауи және қазақи нақыштағы креатив хаб болмақ. Бұл жерге «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы 211 млн теңге қаражат бөлді. Толыққанды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Жастар Мәдениет сарайындағы жөндеу жұмыстарының барысымен және болашақ жоба-жоспарлармен кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен өңірге арнайы келген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов танысты. Бұған дейін мұндай креативті хабтар Астана, Алматы, Түркістан қалаларында ашылған екен.
Тоғжан Құрманжанова, «Ozge Epic» креативті хаб жобасының директоры:
- 200 маманға креатив саласы бойынша білім беру жобасы жүзеге ашылмақ. Сосын анимация студиясы қолөнер бойынша дыбыс жазу студиясы және заманауи негізінен кеңістік ашылмақшы. Бұл жерде камералық спектакльдер, концерттер, акустикалық концерттер, кез келген мәдени шаралардың бәрін өткізуге болатын кеңістік ашылады және БҚО суретшілерін насихаттау мақсатында біз тұрған жерде галерея ашылады.
Жаңа мәдени орталықта келешекте жастар анимация, режиссура, драматургия, сценография, сахна декорациясы мамандықтарын меңгермек.
Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов.