Қызылордада Конституция күні аталып өтті
Айтулы мерекеге орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, түрлі саланың үздіктері марапатталды, деп хабарлайды 24kz.
Ата заңды ұлықтауға арналған шараға облыс әкімі қатысып, өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетті.
Конституция – әлеуметтің әлеуетін арттыратын берік тұтқа. Басты құжат – ел дамуының негізі. Бүгінгі қол жеткен жетістік – Ата заңның беріктігінің жемісі. «Тыныштық пен тұрақтылық сақталған өлкеде берекелі бастамалар аз болмасы анық. Аймақтың инвестициялық көрсеткіштерінің артуы осы сөздің дәлелі бола алады», - деді облыс әкімі.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
- Жыл басынан бері өңірге барлық көздерден 296 миллиард теңге инвестиция тартылды. Оның 75,6%-і жеке инвестициялар. Жыл соңына дейін тағы да жарты миллиардтан астам инвестиция тартылады.
Салтанатты шара барысында аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар сала мамандарын Құрмет грамотасымен және алғас хатпен марапаттады.
Алмат Жақыпов, облыс бойынша қорғаныс істері жөніндегі департмент бастығының орынбасары:
- Қызылорда облысы қорғаныс саласында қазмет еткеннен кейін өзіміздің міндеттерді осы Сыр елі азаматтарын Отан қорғауға, елім, жерім деп өсетін азаматтарды іріктеу барысында жасаған еңбектеріміздің арқасы деп ойламын.
Ұзақбай Дәуқараев, Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары:
- Облысымыздың ең жоғарғы марапаты – Құрмет грамотасымен марапатталдық. Алдағы уақытта заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асырамыз.
Ата заңды ұлықтауға арналған шара өңір өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.