Көкшетауда Конституция күніне орай 22 отбасы баспаналы болды

Салтанатты шара барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ білім ошақтары мен жедел жәрдем бекеттеріне жаңа көліктер табысталды.

Конституция күніне арналған салтанатты жиын алдымен қаланың орталық алаңында басталды. Онда өңір басшысы Марат Ахметжанов әлеуметтік аз қамтылған 22 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Бұдан бөлек, білім беру және медицина саласының техникалық базасы жаңа көліктермен толықты.

Рүстем Сәдірқожа, облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Реанимобильді машиналар. Ішінде барлық кислород, дефляторымыз бәрі түгел. Бұл ауыр жағдайдағы науқастарды ауруханаға жеткізуге өте қолайлы.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділік мәселесі ерекше бақылауда. Екі жылдың ішінде заманауи 38 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Соның арқасында 45 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы медициналық көмекпен қамтылады.

Мереке қарсаңында шаһарда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақша ашылды. Жоба құны 1,7 млрд теңге.

Гүлнәр Бекжанова, балабақша меңгерушісі:

- Ішіндегі барлық жағдайлар, құрылғылар, балаларға арналған ойыншықтар болсын, бөлмелер болсын бәрі балаларға жағдай жасалған енді. Құрылғылар соңғы модельде шыққан.

Аймақ басшысы көктемгі тасқын кезінде зардап шеккен «Ертөстік» бөбекжайының жұмысымен де танысты. Қазір мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко