Атырауда Ш. Ақымғалиев атындағы кадет сыныбы ашылды
Атырауда бейбіт күннің батыры, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденнің игері Шалқар Ақымғалиев атында кадеттер сыныбы ашылды.
Полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев 2019 жылдың науырызында көпірден секірген әйелді құтқару барысында мерт болған еді. Азаматтық антына адалдықтың үлгісін көрсеткен Шалқар «Береке» ауылының тумасы, осы мектептің түлегі болатын. Осыған орай облыстық Полиция департаменті батыр оқыған мектептен «Жас сақшы» кадеттер сыныбын ашты.
Білім күні мерекесіне орай облыстық Полиция дептараментінің ұжымы Шалқар оқыған мектепке арнайы келді. Шараға батырдың анасы, туысқандары және сыныптастары да шақырылды. Адам өміріне араша түскен тәртіп сақшысына көрсетілген құрмет жас ұрпақ санасына ерлік рухын егетін ерекше шара болды.
Нұрхат Оразбаев, облыстық ПД бастығы:
- Бүгінде Шалқар ініміздің ерлігін жастардың назарына жеткізіп, тәрбиелеу мына біздің де, сіздің де басты парызымыз деп білемін.
Биыл ашылған Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» кадеттер сыныбына 9-сынып оқушыларынан ірктелген 20 оқушы қабылданды. Олар ағалары ұстаған бағыттан айнымайтындықтарын айтады.
Бекарыс Аманғалиұлы, кадет сыныбының оқушысы:
- Мен биыл кадеттер сыныбына түстім. Батыр ағамыз Шалқар сияқты полицей болғым келеді. Еліміздің тыныштығын қорғап, батыр болғым келеді.
Кадеттер сыныбын ашуға мұрындық болған облыстық Полиция департаменті Шалқар Ақымғалиевтің жанқиялрлық ерлігі негізінде жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қоспақ. Сынып оқушыларының киімінен бастап барлық материалдық шығынын департамент көтеріп алған.
Ерлан Биғамбаев, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Бұл бөлмеге полиция қызметкерлері айына бір рет немесе екі мәрте келіп, әртүрлі бағыттарда: қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алуға арналған профилактикалық жұмыстар бойынша дәріс-сабақ өткізіліп тұрады.
Өткен 5 жылда атыраулық полиция қызметкерлері 32 адамды ажалдан құтқарып қалды. Оның ішінде абайсызда суға батқан, өртке оранған үйден шыға алмай қалғандардан басқа, бастарын бәйгеге тігіп көпірден секіруге ұмтылған 8 адам болды.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов.