Жамбыл облысының әкімі атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді

Жамбыл облысында жалпы құны 2,5 триллион теңге болатын 70 инвестициялық жоба қолға алынды.

Оның қатарында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асатын 13 жоба бар. Осы арқылы өңірде қосымша 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Айта кету керек, қазіргі таңда өңірдегі барлық салалар бойынша дамудың оң серпіні байқалады. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев брифингте айтып берді.

Өңір журналистерімен өткен брифингте Ербол Қарашөкеев облысты дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Аймақта құрылысы қарқыны жоғары. Оған нақты мысал, жыл басынан бері 355 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша да ілкімді істер атқарылып жатыр.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Қазіргі таңда 1432 жұмыс орнын құрумен 228 млрд теңгеге 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері біз жалпы құны 139 млрд теңгені құрайтын 12 жобаны енгіздік іске, бұл облыста 405 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Облыстың инвестициялық қоржыны – жалпы құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 70 жоба.

Жыл басынан бері өңірде жалпы құны 139 миллиард теңге болатын 12 жоба іске қосылды. Мәселен, жаңа байыту фабрикасы, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету орталығы, құмды қиыршықтас өндіретін зауыт ашылды.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 21,4 млрд теңге субсидия бөлінді. 7 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ке өсіп отыр. «Ауыл аманаты» жобасына тоқталатын болсақ, бұл жоба өз тиімділігін көрсетті.

Өңір басшысы жылыту маусымына дайындық барысын да атап өтті. Тараздағы жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары жопспарға сай жүріп жатыр. Сонымен қатар Қаратау және Жаңатас қалаларындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстары да аяқталуға таяу.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Анастасия Сүлейманова, Бақытжан Бапаев, Тимур Сейлхан, Эльдар Байділда.