Жезқазған газ шаруашылығы жылыту маусымына дайын

Жезқазған газ шаруашылығы алдағы жылыту маусымына дайын.

Наурыз айында басталған дайындық жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Шаруашылық нысандарының қысқы маусымға әзірлігін өңірге арнайы барған «QazaqGaz Aimaq» Бас директоры Бауыржан Асқаров тексерді.

өңірді газдандыру 2021 жылы басталған. Бүгінде Талап ауылы мен Жезқазған қаласына қарасты бірнеше шағын ауданның тұрғындары көгілдір отын тұтынып отыр. Енді бұл қатарға біртіндеп әлеуметтік нысандар да қосылады. Оның алғашқысы Талап ауылының мектебі. 

Бауыржан Асқаров, ‘’Qazaqgaz aimaq’’ АҚ Бас директоры:

- Бұған дейін бұл мектеп дизельмен жылытылатын еді, енді экологияға әсерін аз беретін көгілдір отынға өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз алдымызда келе жатқан күзгі-қысқы маусымға толықтай дайын болу. Қазіргі таңда осы 14 облысымызда Қазақстан бойынша алдымызда келе жатқан жылыту маусымына дайынбыз. Газ тұтынушылармызға уақытылы, үздіксіз және қауіпсіз газ жеткізу. 

Компанияның маңызды жобаларының бірі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғындарды қолдау. Бұл ретте былтыр демеушілермен бірге Қабанбай шағын ауданындағы 12 үйге газды тегін жүргізіп берді. Компанияның бас директоры сол үйлерге соғып, тұрғындармен тілдесті. 

Рамила Ештаева, Қабанбай шағын ауданының тұрғыны:

- Бір жыл болды қосылғанымызға. Бәрі керемет. Жақсы. бала-шағам тоңбай қыста жақсы өттік. Күн суытқанда сөндіріп-қосып отырамыз. Қосылмай тұрғанда сырость болатын үйіміз. Қазір сырость кетіп, жақсы бәрі. 

Жезқазғанда тағы 3 шағын ауданға газ берілді. Мұнда 1711 абонент бар. Жалпы, бүгінде шаһардағы 2000 тұтынушы газга қосылуға мүмкіндігі бар. Бауыржан Асқаров тұрғындарды сенімді әрі үздіксіз газбен жабдықтау үшін желілерді жаңғырту жұмыстарын жалғасыруды және қауіпсіздікке баса назар аударуды тапсырды.

Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов