Алматы ЖЭО газға көшуге бір қадам жақындады
Алматы жылу электр орталықтары көгілдір отынға көшуге бір қадам жақындады.
Бүгін QazaqGaz ұлттық компаниясы энергетикалық кешеннің сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады. «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральді газ құбырының екінші тармағы мерзімінен бұрын бітті. Автоматты газ тарату станцияларының іске қосылуына арналған іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов, QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.
«Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының ұзындығы 62 шақырымнан асады. Димаетрі 530 миллиметрлік құбыр сағатына миллион текше метр көгілдір отын өткізе алады. Бұл тұрғындарды және жылу электр орталықтарын газбен қамтамасыз етуге жеткілікті. Жоба Мемлекет басшысының Алматы жылу электр стансаларын газға көшіру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асып, мерзімінен бұрын аяқталды.
Санжар Жаркешов, "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:
- Алматы – Байсерке – Талғар магистральды газ құбырының екінші тармағы ҚР Үкіметінің қолдауымен, Самұрық-Қазына ұлттық қорының біздің акционеріміз және Алматы қаласының, Алматы обылысының әкімдіктерінің қолдауымен жасалған командалық жетістік, үлкен жоба. Алғысымды айтамын.
Сыртқы газ инфрақұрылымы төрт ауқымды нысаннан тұрады. Оның ішінде екінші және үшінші жылу электр орталығына автоматты газ тарату станциясылары бар. Олардың қуаттылығы сағатына 250 және 150 мың текше метрге жетеді. Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші желісі Қазақстан-Қытай газ құбырларына қосылған.
Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" қорының Басқарма төрағасы:
- Бұл жоба арқылы біз Алматы қаласының электростанцияларын газбен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ 2026 жылдың аяғына дейін Алматы ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3 көмірден газға айналдыратын боламыз. Бұл жобалар жергілікті экологиялық ахуалына жағымды әсер етеді.
Бұл инфрақұырылым қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай өңірдің газ тасымалдау жүйесін кеңейтеді. Нәтижесінде кәсіпорындардың дамуына жаңа серпін береді. Тиісінше, жаңа жұмыс орындары ашылып, өңір экономикасы дамиды.
Аршын Кемелжан, Радик Жакупов