Қостанайда «КамАЗ» көлігінің бірнеше моделі таныстырылды

Қостанайда тұтынушыларға «КамАЗ» жүк көлігінің бірнеше моделі таныстырылды.

Оның ішінде ауыр жүк көлігінің жаңғыртылған түрі көпшіліктің назарына ұсынылды. «Клиенттер күні» шарасына қатысушылар Камаздың жаңа моделін тізгіндеп, сынап көрді.

Жаңа Камаздың руліне өртке қарсы қызмет бөлімшесінің механигі Александо Купин алғашқылардың бірі болып отырды. 

Сервистік қызмет көрсету орталығын бірнеше айналған тәжірибелі жүргізуші жаңа жүк көлігіне оң бағасын берді. 

Александр Купин, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің солтүстік қазақстан филиалының механигі:

- Жұмсақ жүреді екен. Көру кеңістігі кең. Мен қырық жыл Камаз айдағанмын. Бұрыңғысынан айырмашылығы жер мен көктей. Жайлы, ыңғайлы, шетелдің жеңіл көлігі сияқты. Қараңдаршы, сәл газды басып едім, ытқи жөнелді. Соған қарағанда қозғалтқышының қуаты күшті. 

Ершікті тартқыш КАМАЗ -54901 – бұл жаңғыртылған ауыр жүк көлігінің жаңа моделі. Өзі тектес басқа машиналардан біршама артықшылығы бар.

Тимур Аглямов Қазақстан өңірлері бойынша директордың міндетін атқарушы:

- Жанармай багының сыйымдылығы 1300 литр. Бұл 5200 шақырымға есептелген. Он екі сатылы беріліс қорабы толық роботталған. Белдігі Хёнде маркасына жатады.

Жалпы Камаздың моделдік қатары отыз базалық автокөліктен және жетпістен астам арнайы қызмет машиналарынан тұрады.

Сергей Кистин, «КамАЗ Инжиниринг» АҚ бас директоры:

- Камаздың тұтынушы нарығы өте кең. Біздің техникалар Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының барлық саласында кездеседі десек артық айтқандық емес. Камазға сұраныс бар. Оның сыртында кәсіпорынның сервистік қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған.

Жыл сайын Қазақстандағы зауыт мың жарым КамАЗ көлігін шығарады. Егер сұраныс болып жатса, кәсіпорын бұл көлемді арттыруға қауқарлы.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг