Қызылордада экотакси қызметі іске қосылды

Қызылордалықтар тоқпен қуатталатын экотакси қызметін пайдалана бастады.

Жаңа көліктер қалалық автобус паркінің қажеттіліктері үшін сатып алынды. Бұған қоса тағы 74 санитарлық көлік аудан орталықтары мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға жолданды. Сонымен қатар қытайлық «Джак» маркалы 54 автокөлік те күні ертең жолаушы тасымалдауға кіріспек. Қариялар күніне орайластырылған салтанатты шара туралы алдағы материалда.

Салтанатты шараға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен өңірдің құрметті азаматтары қатысты. Тұрғындар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. 

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Аймағымыздың бюджеті бүгінгі таңда 744 миллиард теңгеден асты. Бұл қаражат өңірдегі ең өзекті мәселелерді шешуге, халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталуда. ауылдарды санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етуге қаражат бөлген болатынбыз. 200 санитарлық көлік алу жөнінде шешім қабылдаған болатынбыз. Осы кезге дейін соның 126-сы келіп қазір мына шалғай елді мекендерде ел игілігіне қызмет жасауда. 

Бұл күні сондай ақ қалалық автобус паркіне де автокөлік кілттері табысталды. Айта кету керек, енді аймақ тұрғындары алғаш рет экотакси қызметін пайдалануға мүмкіндік алып отыр.

Әбдібәкір Маштаев, «Автовокзал-Қызылорда» ЖШС директорының м.а.:

- Экотакси тоқпен жүреді, бір зарядкасы қала бойынша 460 шақырымға жетеді. Енді экологиялық таза, халыққа тиімді және қолжетімді. 

Қала бойынша экотакси санын 100-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Алдағы ай соңына қарай  Қызылордададғы такси паркі тағы 48 "джак" көлігімен толықпақ.

Талғат Серікқалиұлы, Райхан Тәжібаева, Ақан Әлиев, Нұржан Музарапшин, Айтмұхамбет Байдулдаев