Индонезияда адамдарға қолтырауындардың шабуылы күшейді. «Рейтер» агенттігінің жазуынша, былтыр елде жыртқыш 180 адамға ауыз салып, оның жартысынан астамы мерт болған, деп хабарлайды 24kz.
АҚШ-та сұрапыл құйыннан қаза тапқандар саны 37-ге жетті. The Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ахуал, әсіресе, Миссури, Арканзас, Оклахома, Миссисипи және Техаста қиын, деп хабарлайды 24kz.
АҚШ-тың Йемендегі әуе шабуылдарынан құрбан болғандар саны 53 адамға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды 24kz.