Түркияда жарылғыш заттар шығаратын әскери зауытта жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Тағы 4 кісі жараланды. Төтенше оқиға елдің Балыкесир провинциясындағы Кавакли ауылында тіркелді. Бірақ…
Белгіленген жоспарлар жүзеге асса, Қостанай облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орталығына айналады. Жылды қорытындылаған жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов осылай деп мәлімдеді.
Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шығындарының негізгі бөлігін, яғни 5,3 трлн теңге қаржыны 41 түрлі әлеуметтік төлемдерге бағыттаған.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Биыл елімізге қандастардың 45% Қытайдан, 38% Өзбекстаннан, 6% Моңғолиядан және 5% Түрікменстаннан келген.
Үшінші сессия басталғалы ел Парламенті 28 заң қабылдады, оның 5-еуі депутаттардың бастамасы. Бұл жайында Президент қабылдауында болған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
Биылғы 11 айда Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Қаңтар-қараша аралығында бауырлас елдер 3,8 млрд долларға сауда жасасқан.
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады. Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп 20 қаңтардағы ұлықтау рәсімінен кейін бірінші күні-ақ осындай жарлыққа қол қоймақ.