Олар тізгіндеген «Audi A6» маркалы көлігін «Қарағанды-Астана» тасжолында тәртіп сақшылары тоқтатқан. Тексеріс кезінде жалпы салмағы 266 келіден астам 13 қап өсімдік тектес зат табылды.
Түркия компаниялары Қазақстанда кеме құрастыратын зауыт салады. Өндіріс орны Құрық портының жанында орналаспақ. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Ұлттық жоба жемісін көрген көптің бірі – Базартөбеліктер. Тәуелсіздік күні қарсаңында елді мекенге су жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді.
Лондонда жаңа технология саласында жұмыс істейтін 250-ге жуық қазақ баласы бар. Олар Еуразиялық стартап хабы қанатының астында бірігіп, инновациялық жобаларын жүзеге асырып жүр.
Газа секторында 556 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы екпенің екінші дозасын алды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындар өкілдігіне сілтеме жасаған "Әл-Жазира" телеарнасы хабарлады.