Үндістанда қолтырауындар мекендейтін саябақ қайта ашылды

Үндістанның Одиша штатында қолтырауындар мекендейтін әлемдегі ең үлкен саябақ қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызметкерлер теңіз жануарларының санағын аяқтағаннан кейін саябақ қонақтарға өз есігін қайта ашты. Мемлекет қорғауындағы саябақ әлемдегі ең ірі бірнеше жүз қолтырауынның мекеніне айналды. Арасында өте сирек кездесетін ақ түсті екі жануар бар. Әлем бойынша осындай оншақты ғана альбинос қолтырауын бар. Зоологтар оларға «ақ бриллиант» деген ат берген. Саябақта су варандары, патшалық әбжыландар, питондар, тасбақалар мен құстың көптеген түрі бар. Сирек кездесетін жануарларды көру үшін мұнда әлемннің түкпір-түкпірінен көптеген адам келеді.