Армения әскерилері премьер-министрдің отставкасын талап етуде

Армения қарулы күштері премьер-министрдің отставкасын талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Бас штаб басшысының бірінші орынбасарының қызметінен босатылуы себеп. Осыған байланысты қарулы күштер Никол Пашинянмен қоса үкіметтің де отставкаға кеткені дұрыс дейді. Бірақ биліктен халыққа қарсы күш қолданбауын сұрап отыр. Ал премьер-министр әскерилер осылайша төңкеріс жасамақ болды дейді. Осы ретте Никол Пашинян жақтастарын Республика алаңына шығуға шақырып отыр.