NASA Шолпан планетасындағы ерекше құбылысты көрсетті

Шолпан планетасының атмосферасындағы түнгі жарқыл алғаш рет фотосуретке түсіп қалды.

Parker күн зондымен түсірілген фотосурет NASA-ның ресми сайтында жарияланды.

NASA-ның Parker зонды 2018 жылы Күннің сыртқы тәжін зерттеу үшін шығарылған. Жоспар бойынша ғарыш кемесі жеті жылда Венераны жеті рет айналып өтеді.

Аталған құрылғы Шолпан планетасының үстінен ұшу кезінде планетаның шеткі бөлігінен түнгі жарықтан пайда болған жарық жиекті анықтады.