Солтүстік теңізде тұрып қалған кемені құтқару әлі жалғасуда

Солтүстік теңізінде тұрып қалған голландиялық жүк кемесін құтқару операциясы жалғасуда.

Кеше теңізде қатты толқын болғандықтан шара кейінге шегерілген еді. Енді құтқарушылар оны мұнай бұрғылау қондырғысын сүйреуге арналған техникамен тартып шығармақ ойда.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Норвегия жағалауына жақын жерде голландиялық жүк кемесінің қозғалтқышы істен шығып, бір орында тұрып қалды. Онда 350 тонна мазут пен 50 тонна дизельді жанармай бар. Өткен күні ондағы катердің бірі теңізге құлап, қисайып тұрған кеме біршама түзелген еді. Мамандар енді құтқару операциясы жеңілдеуі мүмкін деп отыр.

Сондай-ақ...