Таразда ұмыт болған көне оюмен кестеленген заттар көпшілікке көрсетілді. Олардың қатарында құрақ көрпе, киім мен сандық, сөмке сынды өнімдер бар. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған шараға 30-ға жуық қолөнерші қатысты. Олардың қатарында көпбалалы және қамқоршысынан айрылған аналар, мүмкіндігі шектеулі және ерекше бала асырап отырған әйелдер бар. Мәселен Айгүл Қоңырбаева 5 жылдан бері тігінмен айналысады. Бастапқыда күн көріс үшін қолға алған кәсібіне бүгінде шығармашылық тұрғыдан қарайды. Сондықтан 18 ғасырдың оюын көрмеге арнайы ала келген. Сол еңбегі еленіп, фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. Айгүл Қоңырбаева, қолөнерші: - Мысалы менің қолымда қазір өсімдік оюының техникасы. Бұл оюдың аты «Ұлы ана». Осыны тігу үшін мен арнайы кітап оқып зерттегенбіз. Бұл 18-ғасырдан келе жатқан ою. Бұны қазір ешкім қолданбайды. Өсімдік оюларын Анар Бексұлтанова, қазылар алқасының төрағасы: - Бұл дүниені біз әрине әр үйде көргіміз келеді. Әр үйде ұмытылып бара жатқан құндылықтарымызды қайта жаңғырту. Және де осы аналармызға үлкен алғыс білдіреміз. Өйткені бұл аналарымыз өткеннің көзін мынау болашақ жастарға алып келуші алтын көпір десек болады.