359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде найзағайдан мешіттердің бірінде өрт шықты

  • 226
Семейде найзағайдан мешіттердің бірінде өрт шықты

Семейде болған найзағайдан бірнеше нысан зардап шеккен.

Солардың бірі – Комсомол кентіндегі мешіт. Өрт сөндірушілер қызыл жалынның мұндағы имамдар бөлмесінде тұтанғанын анықтаған. Тілсіз жау жалпы көлемі 10 шаршы метрді жалмаған. Жиһаздар, теледидар, бейнебақылау жүйесі отқа ораныпты. Өрт бір сағатқа жетпей өшірілді. Болжам бойынша бұған найзағай себеп болған. Тап осындай оқиғалар тағы бірнеше үйде тіркеліп, электр жабдықтары істен шыққан. Бұл туралы Семей қалалық ТЖБ хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы