USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Гарет Бэйл «Реал» сапынан кетуі мүмкін

  • 190
Гарет Бэйл «Реал» сапынан кетуі мүмкін Фото: Eurosport

Мадридтің «Реалы» үшінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының бас жүлдесін ұстанды.

Киевте ағылшынның «Ливерпулімен» кездескен Испания командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Матчты «Ливерпуль» ширақ бастаған еді. Тіпті Мұхаммед Салах есеп ашуға жақын жүрді. Алайда тайм ортасынан асқанда қорғаушы Мысыр елінің мысы басым ойыншысын көк майсаға алып ұрып, Салах жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Екінші таймда Зинедин Зидан Исконың орнына Гаррет Бэйлді шығарды. Бэйл 2 гол соғып, таразы басының қай жаққа ауатынын аңғартты. Карим Бензема да бір голдың авторы атанғанын айта кетейік. «Ливерпуль» сапынан Мане мергендік танытты. Кеше Киев көз ілген жоқ. Испаниядан келген жанкүйерлер де көл бойлап, той тойлады. Соңғы бес жылда төрт рет Чемпиондар лигасының бас жүлдесін иеленген «Реалдың» табысына талайлар таңдай қақты.

Зинедин Зидан, «Реал» командасының бас бапкері:

– Таңғажайып шақты бастан кешіп отырмыз. Айтар сөзім жоқ. Мұндай бақ екінің біріне қона бермейді. Қазір осы жеңіспен өмір сүрейік. Бұл біздің ортақ табыс. Сенесіз бе, еңбекпен келген жеңіс. Бәріміз шама келгенше еңбек еттік, соның жемісі. Бұл команданың алар асуы әлі де алда екенін айтқым келеді.

Гарет Бэйл, «Реал» командасының ойыншысы:

– Апта сайын ойнағанға не жетсін. Қосалқы құрамда қала беру жүйкеге тиеді. Жазда болашағым туралы әбден ойланамын. Мүмкін басқа клуб іздеу керек шығар. Ол жағын да қаперде ұстаймын. Қазір осы жеңістің ыстық-суығындамыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде