361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дания мен Австралия тең тарқасты

  • 128
Дания мен Австралия тең тарқасты

Футболдан әлем чемпионатының С тобындағы екінші турда Дания мен Австралия құрамалары күш сынасты.

Ойынның 7-минутында Кристиан Эриксен есеп ашқан. Ал 38-минутта төреші VAR-жүйесін пайдаланып, даниялықтар қақпасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Миле Йединак таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп 1:1.

Осылайша Дания құрамасы 4 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал жасыл құрлық өкілдері алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Енді үшінші турда Дания мен Франция ойнаса, Австралия Перумен күш сынасады.

Дания - Австралия 1:1 (1:1)

Голдар: Эриксен 7, Йединак 38

Хабар 24 телеарнасы