Қазақстандық фристайлшы Бағлан Іңкәрбек бапкерлік қызметке кірісті

Фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының қатысушысы Бағлан Іңкәрбек спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бағланның спорттық мансабын ерте аяқтауына былтыр Қытайда өткен әлем кубогі кезеңінде алған жарақаты себеп болған. Бұл туралы қысқы спорт түрлерінен дирекция жетекшісі Олжас Бесбаев мәлімдеді. 

«Бүгінде Бағлан спорттық жарыстарға қатыспайды. Ол спортшы ретіндегі мансабын аяқтап, ұлттық құрамада жаттықтырушы қызметіне кірісті. Сол себепті ол биылғы әлем кубогі кезеңдеріне қатыспады. Енді ол бапкерлік қызметте бақ сынайды», - деді Бесбаев.

Айта кетелік, Бағлан Іңкәрбек Қазақстан чемпионаты мен ел Спартакиадасында топ жарған.