Келіссөз. Қазақстанда балалар дәрігері керек пе?

pt.bigpoint.com

Қазақстанның медициналық оқу орындарында педиатр мамандары оқытылмайды.

Халық арасында қызу талқыға түсіп жатқан бұл жаңалық көптің көңілінен шықпай отыр. Олар педиатр факультетінің жоқтығына алаңдаулы. Осындайда бауыр еті баласына ем іздеген жұрт түрлі түйткілдерге тап болады. Педиатр мамандығына қатысты көптің көкейінде жүрген сауалдарға бағдарлама қонақтары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан педиатрлар одағының директоры Сағира Әбдірахманова мен Астана қалалық емханасының бас дәрігері Айгүл Қасымова жауап бермек.