Ақылды қала. Ауа райы қалай болжанады?

crimea-news.org

Синоптик мамандарды табиғат құбылыстарының «сақшысы» десек те болады.

Тәулік бойы біздің қауіпсіздігіміз үшін ауа райына бақылау жүргізетін олар дауылдық ескертулер болған жағдайда Төтенше жағдайлар комитетіне ақпарат жібереді. Бүгінгі шығарылымды біз «Қазгидромет» қызметіне арнамақпыз. Ол мемлекеттік тапсырыс бойынша 800-ден астам мекемеге ауа райы болжамын хабарлап отырады. Қазіргі таңда елімізде 325 метеостанция жұмыс істейді. Жауын-шашын болжамын, желдің бағыты мен жылдамдығын, жер беті мен биіктегі температура қысымын анықтауға мүмкіндік беретін озық технологиялармен жабдықталған орталық жайлы толығырақ бағдарлама барысында таныс боласыздар.