Келіссөз. Қыз бала тәрбиесіне кім жауапты?

fi.yoyowall.com

Қоғамның сұлулары ұлттың асыл қасиеті мен ата-баба өсиетіне қаншалықты адал? Бүгінде олардың арасында бауыр еті баласын тастап кетіп жатқандары да жоқ емес.

Ең өкініштісі туғандарына керексіз болып қалған бүлдіршіндер санының артуы. Мұндай жағдайға көбіне жеткіншек жас қыздар ұрынып жатады дейді мамандар. Бүгінде мемлекет тарапынан осы олқылықтардың алдын алу бойынша біраз жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі жалғызбасты аналарға арналған дағдарыс орталықтары. Алайда бұл да дерттен айығуға себеп болмай отыр. Сонда қайтпек керек? Қоғамда жастармен тиісті деңгейде тәрбие жүргізілмей отыр ма? Бүгінгі бағдарлама қонақтары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Күлсәриева және Семей қаласындағы «Ана» үйінің үйлестірушісі Айнагүл Нұртазинамен осы тақырыпты талқыға салмақпыз.