Келіссөз. Маман тапшылығы – ең басты проблемалардың бірі

Жыл сайын мыңдаған медицина, педагогика және техника саласының мамандары жоғарғы оқу орнын тәмамдап жатса да, елімізде ұстаз, дәрігер әлі күнге дейін тапшы.

Мемлекет сұранысқа ие мамандарды тапсырыспен оқытады. Өткен жылы бір ғана «Серпін» жобасы аясында 61 мамандық бойынша 5 мың орын бөлінді. Сонда жыл сайын оқу бітіретін түлектер нарық сұранысына жауап бермейтін мамандықтың иесі атануда ма? Жалпы еліміздегі білім сапасы қандай? Бүгінгі бағдарлама қонақтары ҚР Мәдениет қайраткері, ұстаз Қуандық Шамахайұлы және  ҚР БҒМ Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбеновамен осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітеміз.