Ақылды қала. Отандық сандық телевизия

www.lavenir.net

Еліміз 2018 жылдан бастап толықтай сандық жүйеге көшпек. Бұл формат бір жағынан халықтың заманға сай сұранысын қанағаттандырса, екінші жағынан қаржылық шығынды үнемдейді.

Қазіргі таңда республикамызда 336 радиотелевизиялық станция хабар таратуға сеп болып отыр. Сандық жүйеге көшкенде олардың саны 827-ге жетпек. Ал жұмысты бақылау-тексеру бір орталыққа біріктіріледі. Болашақта оның бір бөлігі Алматыға берілсе, бір бөлігін Астанадағы станция қадағалап отырады. Бұл сандық жүйені қосу мен онда хабар тарату үдерісі қалай жүзеге аспақ? Қазіргі ақпарат тарату ауқымы қандай? «Ақылды қала» бағдарламасының түсірілім тобы «Қазтелерадио» АҚ-ның техникалық орталығында.