Ақылды қала. Онлайн билет сату жүйесі және мультимедиалық контент

temirzholy.kz

Бүгінгі таңда жолаушылардың ұзын-сонар кезекте тұрмауы үшін оларға барлық жағдайлар жасалып отыр.

Солардың бірі теміржол вокзалдарында енгізілген электронды билет. Жолаушылардың жайлылығы үшін жасалған бұл жүйе уақытты үнемдейді. Биылғы жылы осындай билеттерге арналған 100-ден астам терминал қолданысқа берілмек.

Жолаушылар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктердің біріне лаунж-кассаларды да қосуға болады. Барлық бағытта қызмет көрсететін сервистік орталық әзірге еліміздің тек 2 вокзалында ғана бар. Болашақта ауқымын кеңейтпек.

Тағы бір айта кететін мәселе Қазақстан Франциямен билеттер сату жөнінде екіжақты келісім жасасты. Еуропа азаматтары енді еліміздің теміржол вокзалдарында кез келген бағыт бойынша өз елдерінде жүріп-ақ билет сатып ала алады. Дәл сондай мүмкіндік бізде де бар. Бұл EXPO қарсаңында жасалып жатқан маңызды шаралардың бірі.

Алда жоспарлар көп. Солардың бірі жұмысты мейлінше жеңілдететін арнайы мобильді қосымша. Бұл қолыңыздағы гаджеттер арқылы жол жүру билетін сатып алуға мүмкіндік береді.

Толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.