Келіссөз. Іскер әйелдер белсенділігі

Еліміздің еңсесін тіктеп отырған шағын және орта бизнестің 40 пайыздан астамы іскер әйелдерге тиесілі. 600 мың қыз-келіншек қазір осы салада өз шаруасын дөңгелетіп отыр.

Жаһандық гендерлік теңдік жөніндегі рейтингке қатысушы елдер саны 142-ге ұлғайып, сәйкесінше жаңа тізім жасалды. Онда қазақстандық әйелдер саяси белсенділігі жөнінен 66-шы орынға жайғасты. Әрине бұл іскер әйелдердің еңбегінің нәтижесі.

Жалпы елімізде шаруасын дөңгелетемін деген нәзік жандылар үшін мемлекет тарапынан қандай жағдайлар жасалған? Өңірдегі іскер әйелдер кәсіпкерлігі қалай дамуда? Кәсіппен айналысуға қандайда бір кедергі бар ма?

Бүгінгі бағдарлама қонақтары «Жас кемеңгер» балаларды дамыту орталығының бас директоры Гүлмира Аматова және Атырау облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Әлия Бекқожиевамен осы тақырыпты талқыға саламыз.