Келіссөз. Ұлттық сән индустриясы

Еліміздегі ұлттық сән индустриясының бүгінгі аяқ алысы қалай?

Соңғы уақытта қазақстандықтардың шетелден әкелінген шүберекке емес, отандық өнімге деген қызығушылығы артып келеді дейді мамандар. Демек осы саланы кәсіп еткен отандық дизайнерлер ою түскен киім-кешекке деген ішкі сұранысты қамтамасыз етіп отыр. Ендеше қазақ бренді қалыптасты деп айта аламыз ба?

Бүгінгі бағдарлама қонақтары ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, этнолог, дизайнер Ханум Айдашқызы және дәстүрлі әнші Гүлзира Бөкейханқызымен осы тақырыпты талқыға саламыз.