Транспорт және логистика. Отандық әуе тасымалы

www.tageswoche.ch

Әуе компанияларының негізгі қаржы көзі – жолаушылар. Олардың бірінші кезекте қауіпсіздік пен қызмет сапасына мән беретіні түсінікті. Ендеше діттеген жеріңе жылдам жетуге мүмкіндік беретін әуе тасымалының бүгінгі қарқыны қандай?

Бұл шығарылымды көлік индустриясының қызмет көрсету сапасы ең жас, ең қымбат және ең жылдам саласына арнамақпыз.

Бүгінде мемлекет тарапынан шағын авиация негізінде облыстар мен аудандарды, ауылдарды байланыстыратын әуе жолын дамыту бағдарламасы қолға алынып отыр. Ол қалай жүзеге аспақ? Отандық әуе компаниялары нарықтың жаңа шарттарына қаншалықты икемді?

Елімізде ашылған жаңа бағыттардан бөлек экономикалық жағынан тиімсіз маршруттар да бар көрінеді. Дегенмен олар өз рейстерін тоқтатқан жоқ. Ол мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияның арқасы. Әлеуметтік маңызды, бірақ экономикалық жағынан тиімсіз мұндай бағыттарды қаржыландырудың сыры неде? Жалпы бұл салада қызмет атқаратын мамандарға қойылар талап пен сын қандай?