Бес реформа белестері. Инвестициялық дауларды шешу мәселесі

Салық жеңілдіктері. Субсидиялар. Заңнама беріктігі. «Бір терезе» қағидасы. Мұның бәрі инвесторға жасалған  қолайлы жағдай. Бірақ оларды ынталандырып қана қоймай, сенімге кіре білу керек. Ең әуелі инвестор өзінің құқықтық тұрғыдан қорғалғанына көз жеткізуі тиіс.

Қаңтардың бірінен бастап қызметіне кіріскен Жоғары Соттың мамандандырылған сот алқасы осы сенімді нығайтудың бір жолы болмақ. Олар тек ірі инвесторлардың қатысуымен өтетін дауларды қарайды. Енгізілген отандық жүйе қалай жұмыс істейді? Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.