Транспорт және логистика. Елімізде енгізілетін жаңа ақылы автожолдар

Қазіргі таңда әлемде ақылы жолдарда қолданылатын 3 түрлі төлем жүйесі бар. Ашық, жабық және гибридті жүйе.

Соңғы аталған жүйе еліміздегі Астана-Щучье бағытындағы жол телімінде іске қосылған. Барлық ақылы жолдардағы жүйелер жаңа технологияларға негізделіп жасалған. Оларды енгізу арқылы еліміздегі жолдардың сапасын сақтап, жаңа жолдар құрылысын салуға мүмкіндік аламыз дейді мамандар. Қазіргі таңда бұл бағытта біршама жұмыстар басталып та кетті. Толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар. Одан өзге тағы қандай автожолдар ақылы болмақ?