Келіссөз. Жалған экологиялық өніммен күрес

bambinostory.com

Тауар белгісін экологиялық таңбалаудың қажеттілігі қанша?

Соңғы онжылдықта қоғамда табиғи таза өнімге деген сұраныс артты. Азық-түлік, өндірістік заттар, косметика, тіпті тұрғын үйлерге экологиялық таза деген анықтама беріле бастады. Алайда нарықты бағындырғысы келетіндердің арасында оңай олжаны көздегендері де табылды. Айлакер маркетинг амалдар қолданып, жасанды өнім шығарушылар қатары артты. Бағдарлама қонақтары «Экостандарт» қоғамдық ұйымы қамқорлық кеңесінің мүшесі Нұрхан Ысмайылов және Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Ботакөз Әбдіровамен осы тақырыпты талқыға саламыз.