Транспорт және логистика. Қазақстанның көліктік-логистикалық орталығы

Көліктік-логистика жүйесін дамыту мақсатында елімізде Орта Азиядағы ең ірі орталық бой көтерген болатын. Бүгінде оның аумағында қойма, «Астана» кедендік рәсімдеу орталығы жұмыс істейді.

250 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ете алатын қойма күніне 1 мың тонна жүк қабылдайды. Сақтап, нарыққа шығара алады. Ал «Астана» кедендік рәсімдеу орталығы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. «Бір терезе» қағидасына негізделген онда тауар мен құжат рәсімдеуге қатысты барлық мемлекеттік инфрақұрылым мен мекемелер орналасқан. Толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.