Бес реформа белестері. Үш тілде білім беру жүйесі

Елімізде үш тілде білім беруге дайындық бұрыннан бар. Арнайы құжат қабылданды. Ұлттық білім академиясының мамандары жүйеге біртіндеп көшудің жолдарын қарастырып, ғылыми тұрғыдан әдістемелік нұсқаулар әзірледі. Бұдан бөлек шет тілін оқытудағы халықаралық тәжірибе қаперге алынды. Нағыз іске кіріскенімізге 10 жылдай уақыт болды. Дәл қазір біз осы ұзақ жолдың қай тұсындамыз?