Өңір тынысы. Жезқазған қаласының әкімі
90-шы жылдардың ортасында Жылу энергия орталығындағы апаттың салдарынан қала күрделі жағдайда қалды. Барлық коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, апат салдарын жою үшін қала әкімдігінің 10-қабатында арнайы штаб құрылды. Одан бері біраз уақыт өтті. Апат шығынының орны да толды. Алайда дәл осы ғимараттағы қала әкімінің қабылдау бөлімінің жұмыс кестесі әлі де қауырт. Бүгін біз сіздерді Жезқазған қаласының тыныс-тіршілігімен таныстырамыз.