Келіссөз. ҮИИД бағдарламасының жүзеге асуы

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялардың 70 пайызы тартылды.

800 кәсіпорын іске қосылды. Оған 700 млрд теңге қаражат бөлінді. 150 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығының қорытындылары. Биыл бұл жобаның екінші кезеңі бастау алды. Осы бағытта қандай жоспарлар бар? Бүгінгі бағдарлама қонақтары экономист Сайлау Батыршаұлы мен «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Индустрияландыру бағдарламасы орталығының директор Болатбек Беков тақырыпты талқыға салмақ.