Ақылды қала. Заманауи көліктік-логистикалық орталық

Бұл орталық көкөністен бастап тұрмыстық химияға дейінгі тауарларды бұзбай сақтауға арналған кешен.

Орталық Азия бойынша А санатты көліктік-логистикалық орталықтың ашылуы Қазақстанның осы саладағы дамуына оң серпін бермек. Елімізде бұрын соңды болмаған кешеннің аумағында 29 300 шаршы метр болатын құрғақ қойма, 13 300 шаршы метр болатын климаттық қойма, 25 000 шаршы метрлік дистрибьютерлік орталық және 70 мың шаршы метрге жайылған контейнерлер алаңы бар. Бұлардың барлығы қандай озық инновациялық технологиялармен жабдықталған? Толығырақ бағдарлама барысында баяндаймыз.