Шаңырақ. Дағыстан ұлты

Қазақстанның көпұлтты ел болуына дағыстандықтардың қосқан үлесі зор десек артық емес. Себебі шағын ғана мемлекет саналатын онда 30-дан аса ұлт тұратын болса, солардың әрбірінің өкілі бүгінде қазақ жерінен табылады. Олардың көпшілігі Кеңес одағы тұсында жолдамамен не басқа да себептермен жұмысқа келіп, тұрақтап қалғандар. Дағыстандықтардың Қазақстанда көп қоныстанған жері батыс өңірі. Ендеше бүгінгі шығарылым осы ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүріне арналады.