Тобыл өңірінде майлы дақылдар көлемі 273 мың гектарға жеткен

Ауыл шаруашылық кооперативтерін құру, алқаптарды әртараптандыру, экспорт әлеуетін арттыру.

Елбасының Жолдауында алға қойылған бұл міндеттер ауыл шаруашылығын жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Қостанайда бас қосқан сала мамандарының ортақ пікірі осыған саяды. Алқаптарды әртараптандыру нәтижесінде Тобыл өңірінде майлы дақылдар көлемі біршама артып, бүгінде 273 мың гектарға жеткен. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады. Сонымен қатар өңірде өңдеу саласын дамытуға да ден қойылып отыр.

Сайран Бұқанов, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Бәрін де біз қолдаймыз, білеміз. Президент бұрыннан бізге айтып жүр. Сосын құрылымды диверсификациялау керек. Жалғыз бидаймен айналыспай майлы дақылдар да бар. Ол да бір үлкен серпін береді. Сол себептен үлкен май зауыты салынайын деп жатыр. Жылына 300 мың тонна май шығаратын. Ол да бір үлкен жұмыс.